Маңғыстау облысы әкімдігінің 2019.21.11. № 243 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қазандағы № 306 қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 29 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі №18-03/390 «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекiтiлген «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10 - тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|