Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 15 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТТІ: 1. Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері (бұдан әрі - ақы төлеу мөлшері): 1) мына: қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында: аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның немесе аса ауыр қылмыс жасады деп тағылған айыптан ақталғанның; аса ауыр қылмыс жасады деп күдіктену, айып тағу бойынша өзіне қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тоқтатылған күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде қатысудың; қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қатысудың; аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қамауда ұсталған, үйқамақтағы немесе қылмыстық-атқару жүйесi мекемесінде жазасын өтеп жатқан өзі қорғайтын адаммен кездесудің; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|