Осы редакция 2018 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017.17.10. № 144 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 190 бұйрығына 3-қосымша
«Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 11183 болып тіркелген, «Діни қызмет саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығымен бекітілген «Шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келісу» мемлекеттік қызмет Стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі шетелдiк дiни орталықтардың Қазақстан Республикасындағы дiни бiрлестiктерінің басшыларын тағайындауын келiсім-хат беру (бұдан әрі - келісім-хат) не Мемлекеттік көрсетілген қызмет Стандарттының 10-тармағымен көзделген жағдайда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|