Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2015 жылғы 16 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануга тиіс улардың тізбесінде: А тізімі мынадай мазмүндағы 31, 32, 33, 34, 35-тармақтармен толықтырылсын: «31. Этилдиэтаноламин 32. 0,0-диэтил-фосфоротиоат 33. 0,0-диэтил-фосфородитиоат 34. Натрий гексафторосиликаты 35. Метилфосфонотионды дихлорид»; 2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде: «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын: «55. Этилдиэтаноламин; 56. 0,0-диэтил-фосфородитиоат; 57. Натрий гексафторосиликаты; 58. Метилфосфонотионды дихлорид.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|