|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
14.02.2022 Об исполнении налоговых обязательств при сдаче в аренду жилья
Комитет государственных доходов МФ РК напоминает лицам, сдающим в аренду жилье, о необходимости исполнения налоговых обязательств. Арендодатели, не зарегистрированные в качестве индивидуального предпринимателя (далее - ИП), при соответствии условиям применения могут исполнить налоговые обязательства путем уплаты единого совокупного платежа (далее - ЕСП) или путем представления декларации по индивидуальному подоходному налогу (далее - ИПН). ИП при сдаче в аренду жилья вправе использовать при расчете с бюджетом специальный налоговый режим (далее - СНР) на основе патента или упрощенной декларации. При этом у каждого из способов есть свои преимущества и ограничения по применению. Декларация по ИПН для физических лиц Физические лица, сдающие в аренду жилье и не зарегистрированные в качестве ИП, ежегодно в срок не позднее 31 марта года, следующего за отчетным налоговым периодом, представляют декларацию по ИПН (форма 240.00) и уплачивают ИПН в размере 10% от полученного дохода в срок не позднее десяти календарных дней после срока, установленного для сдачи декларации. Декларацию по ИПН (форма 240.00) физические лица могут сдать через мобильное приложение «E-Salyq Azamat» или через Кабинет налогоплательщика на web-портале cabinet.salyk.kz. В случае если жилье сдается в аренду налоговому агенту (ИП, лицо, занимающееся частной практикой, юридическое лицо, его структурные подразделения, юридическое лицо-нерезидент) исчисление, удержание и уплата в бюджет ИПН осуществляются у источника выплаты налоговым агентом. Плательщики ЕСП Физические лица могут исполнять налоговые обязательства путем уплаты ЕСП в размере 1 МРП для жителей городов республиканского и областного значения, столицы и 0,5 МРП для жителей остальных населенных пунктов. Такие физические лица будут признаваться плательщиками ЕСП со дня, в котором произведена уплата, до последнего дня месяца, за который производилась уплата. При этом размер дохода за календарный год плательщика ЕСП не должен превышать 1 175-кратный размер МРП. ИП применяющие СНР на основе патента или упрощенной декларации ИП, применяющие СНР на основе патента или упрощенной декларации, исчисляют ИПН по ставке 1% или 3 % от полученного дохода соответственно (освобождены от уплаты ИПН до 2023 года), а также уплачивают социальные платежи (социальные отчисления, обязательные пенсионные взносы, взносы и отчисления на ОСМС) по ставкам, установленным законами «Об обязательном социальном страховании», «О пенсионном обеспечении» и «Об обязательном социальном медицинском страховании». Ответственность за непредставление налоговой отчетности в срок В соответствии со статьями 272 и 275 Кодекса РК «Об административных правонарушениях» непредставление налоговой отчетности, а также сокрытие объектов налогообложения и иного имущества, подлежащих отражению в налоговой отчетности, влечет административное взыскание, в том числе в виде денежного штрафа. Ниже представлена памятка с указанием ставок налогов, налогового периода, сроков представления налоговой отчетности и сроков уплаты.
Памятка по исполнению налоговых обязательств для лиц, сдающих в аренду жилье
Примечание* В случае если жилье сдается в аренду налоговому агенту (ИП, лицо, занимающееся частной практикой, юридическое лицо, его структурные подразделения, юридическое лицо-нерезидент) исчисление, удержание и уплата в бюджет ИПН осуществляются у источника выплаты налоговым агентом.
Тұрғын үйді жалға беру кезінде салық міндеттемелерін орындау туралы
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үйді жалға беретін тұлғаларға салық міндеттемелерін орындау қажеттілігі туралы ескертеді. Жеке кәсіпкер (бұдан әрі - ЖК) ретінде тіркелмеген жалға берушілер салық міндеттемелерін бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі - БЖТ) төлеу жолымен немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - ЖТС) ұсыну жолымен орындай алады. ЖК тұрғын үйді жалға беру кезінде бюджетпен есеп айырысу кезінде патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) пайдалануға құқылы. Сонымен қатар, әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен шектеулері бар. Жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығы бойынша декларация Тұрғын үйді жалға беретін және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар жыл сайын есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) табыс етеді және декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде алынған табыстың 10% мөлшерінде жеке табыс салығын төлейді. Жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша декларацияны (240.00-нысан) «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе cabinet.salyk.kz web-порталында Салық төлеушінің кабинеті арқылы тапсыра алады. Егер тұрғын үй салық агентіне (жеке кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлға) жалға берілген жағдайда жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті төлем көзінен жүзеге асырады. БЖТ төлеушілер Жеке тұлғалар салық міндеттемелерін республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың, астананың тұрғындары үшін 1 АЕК және қалған елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК мөлшерінде БЖТ төлеу арқылы орындай алады. Мұндай жеке тұлғалар төлем жүргізілген күннен бастап төлем жүргізілген айдың соңғы күніне дейін БЖТ төлеушілер деп танылатын болады. Бұл ретте БЖТ төлеушінің күнтізбелік жыл ішіндегі табыс мөлшері 1 175 еселенген АЕК-тен аспауы тиіс. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкер Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданатын жеке кәсіпкер тиісінше алынған кірістің 1% немесе 3% мөлшерлемесі бойынша жеке табыс салығын есептейді (2023 жылға дейін жеке табыс салығын төлеуден босатылған), сондай-ақ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарда белгіленген мөлшерлемелер бойынша әлеуметтік төлемдерді (әлеуметтік аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, МӘМС жарналары мен аударымдары) төлейді. Салық есептілігін мерзімінде ұсынбағаны үшін жауапкершілік «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272 және 275-баптарына сәйкес салық есептілігін ұсынбау, сондай-ақ салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге жататын өзге де мүлікті жасыру әкімшілік жазаға, оның ішінде ақшалай айыппұл түрінде өндіріп алуға әкеп соғады. Төменде салық мөлшерлері, салық кезеңі, салық есептілігін ұсыну мерзімдері және төлеу мерзімдері көрсетілген жадынама берілген.
Тұрғын үйді жалға беретін тұлғалар үшін салық міндеттемелерін орындау бойынша жадынама
Ескертпе* Егер тұрғын үй салық агентіне (ЖК, жеке практикамен айналысатын тұлға, заңды тұлға, оның құрылымдық бөлімшелері, резидент емес заңды тұлға) жалға берілген жағдайда ЖТС-ты есептеуді, ұстап қалуды және бюджетке төлеуді салық агенті төлем көзінен жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |