Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 24/2-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының 5, 9 тармақтарына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, бюджет қаражаты есебінен 11,197 (он бір бүтін мыңнан жүз тоқсан жеті) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) көрсетілсін. 2. Әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін: 1) әлеуметтік қолдауды тағайындауды мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, ветеринария ұйымдарының бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізімдерінің негізінде уәкілетті орган - «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады; 2) әлеуметтік қолдау Өскемен қаласы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін мамандарға көрсетіледі; 3) әлеуметтік қолдау жылына бір рет «Казпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері және екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|