ҚР Қаржы министрінің 2015.08.12. № 631 бұйрығымен алып тасталды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығына 9-қосымша
«Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Дара кәсіпкерлерге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары немесе «Салық төлеушінің кабинеті» веб-қосымшасы (бұдан әрі - Салық төлеушінің кабинеті), Салық есептілігін өңдеу сервистері (бұдан әрі - СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы; 3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) уәкілетті органының ақпараттық жүйесінде патентті (бұдан әрі - Патент) қалыптастыру - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес Патент құнының есебін (бұдан әрі - Есеп) тапсырған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде. 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін уақыты - көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|