Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.19.02. № 66 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 136 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» (2016.10.10. берілген өзгерістермен)
1. «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, Ақтөбе қалалық және аудандық жер қатынастары бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде. Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.10.10. № 431 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны бекітілген акт немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11050 тіркелген бұйрығымен бекітілген «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттiк көрсетілетін қызмет нәтижесі болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|