Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 391 қаулысына 2-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 391 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
«Неке қиюды (ерлі- зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Неке қиюды (ерлі- зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қалалық және аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен Атырау қаласының және аудандарының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. 2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде: 1) көрсетілетін қызметті беруші, Құлсары қаласының, жергілікті атқарушы органы, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі -әкім); 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық); 3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) www. egov. kz арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қайталама неке қию (ерлі- зайыптылық) туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|