«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде (бұдан әрі - Ереже): 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, кинематография, мемлекеттік рәміздер, архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер, ономастика, креативті индустриялар және шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, ақпарат, масс-медиа, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, қайырымдылық, волонтерлік қызмет, медиация, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық және этносаралық келісім, ақпаратқа қол жеткізу, онлайн-платформалар және онлайн-жарнама салаларындағы басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.»; 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) масс-медиа;»; 13) тармақша алып тасталсын; 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «10) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөнінде республикалық комиссия құру;»; 14), 15) және 16) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «14) журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|