Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы
Қабылданды - ҚР 2023 жылғы 5 шілдедегі № 16-VIІІ Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 185 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган - қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, сондай-ақ оның аумақтық органдары; 3) негізгі қызмет түрлері - Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін Семей ядролық қауіпсіздік аймағының операторы қызметінің түрлері; 4) радиоактивті ластанған объектілер - адамның антропогендік қызметі нәтижесінде пайда болған, ядролық сынақтардың нәтижесінде нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскелері мен объектілер; 5) Семей ядролық қауіпсіздік аймағы - нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, осы Заңда көзделген Семей ядролық қауіпсіздік аймағының арнайы құқықтық режимі қолданылатын Қазақстан Республикасы аумағының шектеулі бөлігі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|