«Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы қағидаларында: мынадай мазмұндағы 16), 17 және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «16) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді 17) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары; 18) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады).»; 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|