Осы редакция 2019 жылғы 15 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына 4-қосымша
«Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, барлауды, өндіруді жүргізу немесе барлауға немесе өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауын пайдалану учаскелеріне сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 30 (отыз) күнтізбелік күн; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|