|
«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға азаматтарды тартудың тәртібі, нысандары және түрлері туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 641 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесін, олардың нысандары мен түрлерiн бекіту туралы»; бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерi туралы;»; бұйрықтың 1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы азаматтар үшін куәлік үлгісі және эмблема символикасы.»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:»; бұйрықтың 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|