Осы редакция 2018 жылғы 28 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына 7-қосымша
«Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2016.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. «Табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 15 (он бес) күн; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.28.01. № 38 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2016.30.06. № 299 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|