«Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарында: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссияға сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман «Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшы ретінде тартылатын бейінді маманға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35244 болып тіркелген) сәйкес талаптарға сай болуы тиіс.»; мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: «17-1. Комиссияға мынадай құжаттардың көшірмелері (қолма-қол қағаз нұсқада және (немесе) электрондық нұсқада) ұсынылады: 1) пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің өтініші; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|