«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 және «Сұйытылған мұнай газын беруге жиынтық өтінімдерді қалыптастыру жөніндегі комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 372 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9890 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларында: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Жиынтық өтінім электрондық сауда алаңдарынан тыс және осындай алаңдар арқылы тиісті өңірге жеткізу үшін қажетті көлемдер туралы ақпаратты қамтиды. Электрондық сауда алаңдары арқылы беру үшін мәлімделген, жоспарланған айға арналған жиынтық өтінімде белгіленуі тиіс сұйытылған мұнай газы үлесінің мөлшерін уәкілетті орган жоспарланып отырған айдың алдындағы ай басталғанға дейін күнтізбелік 40 (қырық) күннен кешіктірілмейтін мерзімде монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырады.». Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|