«Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1219 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кепіл нысанасын қабылдау, бағалау, сақтау, қайтару, өткізу, оған өндіріп алуды қолдану және кепілді мемлекет кірісіне айналдыру қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бағалы заттарға бағалы металдар (кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий) және асыл тастар (табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу) жатады. Бірегей кәріптас түзілімдері асыл тастарға теңестіріледі.»; 3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жылжымалы мүліктен – ақша, құндылықтар, көлік құралдары және құнды қағаздар қабылдануы мүмкін.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Кепілді қабылдау тәртібі»; 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Егер кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда, орган оны әділет органдарының немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның есептері бойынша тіркелуі тұрғысынан тексереді.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қажет болған жағдайда кепіл мүліктің құнын айқындайтын құжаттарды уәкілетті органдар береді не Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|