|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2023 жылғы 23 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірлерді беру, және тізімін жүргізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - тізім). 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) аумақтық бөлімше - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері; 2) есепке алу нөмірі - тамақ өнімін өндіру обектісінің қызмет түрін және нөмірін қамтитын код; 3) өндіріс субъектісі - тамақ өнімін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; 4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. 3. Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі (бұдан әрі - өндіріс объектісі) қызметінің барлық кезеңіне беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |