«Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 366 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10403 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларында: 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) технологиялық бронь - үздіксіз технологиялық процесті аяқтау және адамдардың өмірі мен қоршаған ортаға қауіпті болғызбау үшін қажетті электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты) және уақыт ұзақтығы;»; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «16) электр қондырғысы - электр энергиясын өндіруге, түрлендіруге, өзгертуге, беруге, тұтынуға және (немесе) оны энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған машиналар, аппараттар, желілер мен қосалқы жабдықтар (олар орнатылған құрылыстар мен орынжайларды бірге алғанда) жиынтығы;»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тұтынушылармен электр энергиясымен жабдықтау шарты мына құжаттар негізінде жазбаша түрде жасалады: 1) тұтынушыны (көппәтерлі құрылыстарда тұратын жеке тұлғаларды қоспағанда)электр желілеріне қосу схемасымен электр желілерінің теңгерімдік тиесілігін және тараптардың пайдалану жауапкершілігін ажырату актісінің көшірмелері; 2) электр энергиясының коммерциялық есепке алу жүйесін қабылдау актісінің көшірмесі; 3) мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі (заңды тұлғалар үшін), мемлекеттік электронды тіркелімнен үзінді көшірмелер, рұқсаттар мен хабарламалар (жеке кәсіпкерлер үшін); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|