|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат): 44-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жер учаскесін таңдау актісінде қазіргі бар инженерлік коммуникациялар көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда, инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге көшіру көзделеді.». 2. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) мазмұнында: 36-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»; 16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру»; 90-баптың тақырыбындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 91 және 92-баптардың тақырыптарындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 92-4, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 және 92-13-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын: «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы 92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері 92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері 92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері 92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері 92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету 92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері 92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру 92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері 92-10-бап. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері 92-11-бап. Тұрғын үй кондоминиумдарының құрамына кіретін сумен жабдықтау және су бұру жүйелері 92-12-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелері 92-13-бап. Елді мекеннің сумен жабдықтаудың және су бұрудың иесіз қалған жүйесі және (немесе) оның құрамдас элементтері»; 135-баптың тақырыбындағы «мемлекеттiк қолдаудың», «принциптерi» деген сөздер тиісінше «, сумен жабдықтауды және су бұруды мемлекеттiк қолдаудың», «қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 135-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «135-1-бап. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау»; 2) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1), 3-2) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын: «2-1) ауызсу - сапасы бойынша белгіленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сай келетін, халықтың ауызсу және шаруашылық-ауызсу мұқтаждарына арналған табиғи күйіндегі немесе өңделгеннен кейінгі су;»; «3-1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауызсумен жабдықтау (бұдан әрі - ауызсумен жабдықтау) - ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс; 3-2) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін иеленушілер арасында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу орны, бұл схемаларда көрсетіледі;»; «7-1) елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі - су тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге арналған су тарту құрылыстарын, су құбырын тазартқыш құрылыстарды, таза су резервуарларын, су құбырының сорғы стансалары мен желілерін біріктіретін, өзара байланысты су объектілері мен гидротехникалық құрылыстар кешені;»; 12) тармақшадағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13-1) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануы - су бұру жүйесіне ағызылатын, су тұтынушының сарқынды суларында болатын зиянды заттардың жол берілетін шамасы;»; мынадай мазмұндағы 13-2), 19-1), 21-1), 21-2), 23-1), 25-1), 25-2), 31-1), 36-1) және 57-1) тармақшалармен толықтырылсын: «13-2) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; «19-1) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу орны. Мұндай келісім болмаған кезде, пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;»; «21-1) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері - сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін қоса алғанда, химиялық реагенттерді қолданып немесе қолданбай, елді мекендердің сарқынды суларын механикалық және биологиялық тазарту құрылыстары; 21-2) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілері - жинағыш тоғандар, буландырғыш тоғандар, биологиялық тоғандар, сүзгі алқаптары, суару алқаптары;»; «23-1) су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстары - су тұтынушының өзінің сарқынды суларын тазартуға арналған құрылыстары мен құрылғыларының жиынтығы;»; «25-1) суды есепке алу аспабы - нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген, судың (ауызсу, техникалық, сарқынды және сулардың басқа да түрлерінің) көлемін өлшеуге арналған техникалық құрал; 25-2) суды коммерциялық есепке алу - сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті су көлемін есепке алу;»; «31-1) су құбырын енгізу - қосылу нүктесіндегі бекіту арматурасы бар құдықты қоса алғанда, сумен жабдықтаудың тарату желісінен ғимараттағы бірінші ысырмаға дейінгі құбыржол;»; «36-1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым - елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;»; «57-1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым - қызметі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға және дамытуға бағытталған, мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»; 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 12) және 13) тармақшалармен толықтырылсын: «12) жобалау және құрылыс кезінде сумен жабдықтаудың және су бұрудың ажырамастығы мен өзара байланыстылығы; 13) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерінің ақылы болуы.»; 4) 35-бап мынадай мазмұндағы 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «15) сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарға қатысушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету; 16) су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтарының, міндеттері мен мүдделерінің теңгерімділігі; 17) энергия үнемдеу және су үнемдеу технологияларын енгізу және басымдықпен дамыту үшін жағдайлар жасау; 18) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауды және дамытуды, сумен жабдықтау және су бұру саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді, жобалауды мемлекеттік қолдау.»; 5) 36-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «36-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi»; мынадай мазмұндағы 20-2) тармақшамен толықтырылсын: «20-2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйымды айқындайды;»; 6) 37-1-бапта: 8) тармақшадағы «тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді» деген сөздер «су тұтынушылар үшін сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың коммуналдық көрсетілетін қызметтерін» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 8-3), 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын: «8-3) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8-5) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 8-6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеуді және субсидиялауды жүзеге асырады;»; 7) 44-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 8) 53-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Ауызсудың және тазартылған сарқынды сулардың сапасына өндірістік бақылауды сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның аттестатталған зертханалары, сондай-ақ жасасылған шарттарға сәйкес басқа да аттестатталған зертханалар жүзеге асырады.»; 9) 65-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 66-бапта: 1-тармақта: 2) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілеріне және жергілікті жер бедеріне сарқынды суларды бұруға арналған құрылыстарды;»; 12) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақшадағы «коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждарын», «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер тиісінше «шаруашылық мұқтаждарын», «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтың 1) тармақшасындағы және 8-тармақтың бірінші абзацындағы «коммуналдық-тұрмыстық» деген сөздер «шаруашылық-тұрмыстық» деген сөздермен ауыстырылсын; 11) 74-баптың 2-тармағындағы «тұрмыстық» деген сөз «шаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын; 12) 85-баптың 3-тармағындағы «тұтынушыларға» деген сөз «су тұтынушыларға» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 89-баптың 2-тармағындағы «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган», «денсаулық сақтау» деген сөздер тиісінше «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган», «халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «16-тарау. Елді мекендерді ауызсумен, техникалық сумен жабдықтау және су бұру»; 15) 90-бапта: тақырыптағы, 1 және 3-тармақтардағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен», «Ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер тиісінше «ауызсумен», «Ауызсумен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.»; 16) 91-баптың тақырыбындағы, 1 және 2-тармақтарындағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 17) 92-бапта: тақырыптағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бірінші бөліктегі «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен» деген сөздер «ауызсумен» деген сөзбен ауыстырылсын; 18) 16-тарау мынадай мазмұндағы 92-1, 92-2, 92-3, 92-4, 92-5, 92-6, 92-7, 92-8, 92-9, 92-10, 92-11, 92-12 және 92-13-баптармен толықтырылсын: «92-1-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрамы 1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелері елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне жатады. 2. Мыналар елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 1) су тарту құрылыстары; 2) су құбырын тазартқыш құрылыстар; 3) реттегіш ыдыстар; 4) сорғы станциялары; 5) оқшау сутартқыштар; 6) тарату желілері; 7) ғимараттарға енгізу орындары; 8) ішкі сумен жабдықтау жүйелері; 9) суды есепке алу тораптары. 3. Мыналар елді мекеннің су бұру жүйесінің құрамдас элементтері болып табылады: 1) ғимараттардың ішкі су бұру жүйелері; 2) ғимараттардан шығару орындары; 3) орамішілік және көшелік желілер; 4) коллекторлар; 5) сорғы станциялары; 6) сарқынды суларды тазартқыш құрылыстар кешендері; 7) су объектілеріне тазартылған сарқынды суларды ағызуға арналған құрылыстар (сужібергіштер). 92-2-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері 1. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйелері сумен жабдықтау көзінің типі мен жүйелерге кіретін элементтердің құрамы бойынша ерекшеленетін орталықтандырылған, орталықтандырылмаған болып бөлінеді. 2. Ауызсуды алуға, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және су тұтынушыларға беруге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады. 3. Ауызсуды құбыржолдар арқылы тасымалдамай, оны алуға және дайындауға арналған су тарту құрылыстары мен су тазартқыш құрылыстар орталықтандырылмаған сумен жабдықтау жүйесі болып табылады. 92-3-бап. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері 1. Техникалық сумен жабдықтау жүйелері технологиялық процестің белгіленген нормалары бойынша дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың өндірістік мұқтаждарын сумен қамтамасыз ету үшін құрылады. 2. Техникалық сумен жабдықтау схемасын таңдау кезінде, суды қайталап пайдалану, айналымдық сумен жабдықтау көзделеді. 92-4-бап. Елді мекендердің су бұру жүйелері 1. Елді мекендердің су бұру жүйелері сарқынды суларды бірлесіп және (немесе) бөлек іркіліссіз бұру үшін қызмет етеді. 2. Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау шарттары мен тәртібі елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес айқындалады. 3. Елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұрғын үйлерден (тұрғын ғимараттардан) шыққан сұйық тұрмыстық қалдықтар су өткізбейтін науа-ыдыстарға құйылып, кейіннен арнайы автокөлікпен шығарылып және оларды орналастыру орындарын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органы және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым айқындайтын төгу станцияларында төгілуге тиіс. 4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың сарқынды суларын елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылдау: 1) елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидаларына сәйкес сарқынды сулар олардағы зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануының құрамы бойынша талаптарға сәйкес келген кезде жол беріледі. Сарқынды сулар сәйкес келмеген жағдайда дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар оларды тазартуды өзінің су бұрудың оқшау тазартқыш құрылыстарында жүзеге асыруға міндетті; 2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымның техникалық шарттарының талаптарын орындаған кезде жол беріледі. 92-5-бап. Халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету кепілдіктері 1. Қазақстан Республикасының аумағында жеке тұлғалар сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың қосылған желілері болған кезде су тұтынудың және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұрудың белгіленген нормаларына сәйкес ауызсумен қамтамасыз етіледі. 2. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің меншік иесі халықты ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды бұруды қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. 92-6-бап. Ауызсудың сапасын қамтамасыз ету Ауызсудың сапасы: 1) ауызсумен жабдықтау көзін таңдау; 2) ауызсуды дайындау үшін тиісті технологияны, оларды пайдалану қауіпсіздігін және санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің белгіленген талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттары бар жабдықты, материалдарды, реагенттерді пайдалану; 3) ауызсумен жабдықтау көздерін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру; 4) елді мекендердің сумен жабдықтау жүйелерін білікті техникалық пайдалану; 5) ауызсумен жабдықтау көздеріндегі және жүйелеріндегі су сапасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізу арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. 92-7-бап. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері 1. Сумен жабдықтау жүйелерінде көздерден алынатын, тарату желісіне және су тұтынушыларға берілген су көлемдерін толық есепке алу ұйымдастырылады. 2. Суды: 1) бірінші, екінші, үшінші және кейінгі көтерілімдердің сорғы стансаларында; 2) су тұтынушының сумен жабдықтау жүйелерімен баланстық тиесілікті немесе пайдалану жауапкершілігін бөлу шекараларында; 3) суды есепке алудың үйге ортақ аспабы арқылы көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) есепке алу міндетті болып табылады. 3. Суды есепке алу аспаптарына қойылатын талаптар осы Кодексте, техникалық регламенттерде, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларында белгіленеді. 4. Берілген су үшін су тұтынушылармен есеп айырысулар су тұтынушыда орнатылған және коммерциялық ретінде пайдалануға жол берілген, суды есепке алу аспаптарының көрсетілімдері ескеріле отырып, шарттар негізінде жүзеге асырылады. 5. Сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемі коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен, елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады. 6. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдар суды есепке алу жөніндегі деректердің негізінде жыл сайын тарату желілеріндегі және су тұтынушыдағы су ысырабына талдау жүргізеді. 92-8-бап.Суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру 1. Көппәтерлі тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) салу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу жобаларында суды коммерциялық есепке алуды ұйымдастыру үшін суды есепке алудың үйге ортақ және жеке (пәтер бойынша) аспаптарын міндетті түрде орнату көзделеді. 2. Пайдалануға жаңадан берілетін объектілерде деректерді қашықтықтан беретін, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. Бұл талап жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың үйге ортақ аспаптары ауыстырылған жағдайда да қолданылады. 3. Жұмыс істемейтін немесе белгіленген пайдалану мерзімі өткен, суды есепке алудың жеке (пәтер бойынша) аспаптары ауыстырылған кезде, сезімталдық шегі төмен, жоғары метрологиялық сыныпты, кейіннен деректерді қашықтықтан беруге мүмкіндік болатын құрылғылармен жарақтандырылған суды есепке алу аспаптарын орнату көзделеді. 4. Елді мекеннің сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған объектіні суды есепке алу аспаптарынсыз пайдалануға қабылдауға жол берілмейді. 92-9-бап. Су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері 1. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылардың: 1) жасасылған шартқа сәйкес ауызсуды тұтыну үшін санитариялық қағидаларға сай ауызсумен жабдықтау жүйелерінен сумен іркіліссіз қамтамасыз етілуге; 2) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін ақы төлеуге арналған төлем құжатын алуға; 3) ауызсу сапасы және оны берудегі ықтимал іркілістер туралы ақпарат алуға; 4) сотқа талап қоюға; 5) сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша өткізілетін жария тыңдауларға қатысуға; 6) бір айдан кешіктірмей сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымды бұл жөнінде жазбаша хабардар еткен кезде шартты біржақты тәртіппен бұзуға; 7) егер объектілері тұрғын үй қорына жатқызылса, денсаулық сақтау субъектілері пайдаланса, сондай-ақ тамақ өнімін өндіру үшін пайдаланылса, ауызсумен жабдықтау жүйелерінен бірінші кезектегі тәртіппен ауызсумен қамтамасыз етілуге; 8) көрсетілген қызметке төлемді түзету үшін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымға өтініш жасауға құқығы бар; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 2. Елді мекендердегі сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын су тұтынушылар: 1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйыммен сумен жабдықтауға және (немесе) су бұруға арналған шарт жасасуға; 2) меншігіндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, олардағы басқару тораптарының, суды есепке алу аспаптарының белгіленген талаптарға сәйкес сақталуын және тиісінше санитариялық және техникалық жай-күйін ұстап-тұруға; 3) жасасылған шартқа және белгіленген тарифтерге сәйкес сумен жабдықтаудың және (немесе) су бұрудың көрсетілген қызметтері үшін уақтылы әрі толық көлемде ақы төлеуге; 4) көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) тұратын су тұтынушыларды қоспағанда, жеке салынған үйлерде тұратын су тұтынушыларды қоса алғанда, сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық жағдайларының, меншігіндегі сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілерінің атқарушылық түсірілімінің болуы; 5) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидаларын, санитариялық қағидаларды сақтауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленген талаптарды орындауға; 6) зиянды заттардың жол берілетін шоғырлануынан асып түсетін ластауыштармен сарқынды суларды ағызуға жол бермеуге; 7) шаруашылық-тұрмыстық сарқынды сулардың су бұру жүйесіне жауын-шашын және сорғыту суларын ағызуға жол бермеуге;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |