|
«Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларында: мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің техникалық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.»; 3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|