«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 200 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 200 бұйрығына (№ 22675 нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2021-2023 жылдарға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. Орыс тіліндегі мәтін алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 144 бұйрығына Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|