Қазақстан Республикасы Президентінің
ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде: 4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;»; 1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;»; 2) тармақшада: алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту немесе өзгерту туралы ұсыныстары; мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|