Осы редакция 2016 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 362 бұйрығына 3-қосымша
«Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімге сәйкес оның активтерiнiң теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.24.02. берілген өзгерістермен)
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімге сәйкес оның активтерiнiң теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, келісім беруді (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға, егер мәміле жасалатын мүліктің ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімде ескерілген теңгерімдік құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк теңгерімге сәйкес оның активтерiнiң теңгерімдік құнының 0,05 пайызынан асатын болса, келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: көрсетілетін қызметті беруші; www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|