Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 6-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 23 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (2020.05.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - стандарт) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Осы стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады: 1) академиялық кезең - орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы мынадай үш нысанның біреуінде дербес белгілейтін кредиттік оқыту технологиясы кезіндегі теориялық оқу кезеңі: семестр, триместр, тоқсан; 2) академиялық сағат - оқу сабақтарының барлық түрінде кесте бойынша білім алушының оқытушымен қарым-қатынас жұмыстарының уақыты; 3) бағалау өлшемшарттары - құзіреттілікке қойылған талаптарға сәйкестікке оқу нәтижелерін бағалау бойынша шешім қабылдауға арналған көрсеткіш; 4) базалық құзырет - өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі; 5) базалық модуль - білім алушылардың өзін-өзі және өз қызметін басқару, өзін-өзі ынталандыру мен ұйымдастыру қабілеттілігін игеруге бағытталған білім беру бағдарламасының тәуелсіз, толық тарауы немесе оқыту кезеңі; 6) біліктілік - алынған кәсіп пен мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға білімділік, даярлық деңгейі; 7) дипломдық жұмыс (жоба) - орта білімнен кейінгі білім берудегі білім беру бағдарламаларының білім алушылардың игеруінің нәтижелер қорытындылау және бітіруші курста олардың орындалуын көрсететін студенттердің жеке шығармашылық жұмысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|