Осы редакция 2018 жылғы 12 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 518 бұйрығына 1-қосымша
«Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Авиациялық персоналға куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Авиация персоналына куәлiктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут; 3) көрсетілетін заңды тұлға және жеке тұлғаға (бұдан әрі - қызметті алушы) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды түрінде/қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - авиация персоналына берілетін куәлік (бұдан әрі - куәлік). Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде. Куәлікті көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|