«Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 3-3/331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9643 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінің № 249 (28472) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларында: көрсетілген қағиданың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын, мал шаруашылығы саласындағы селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|