«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында: 2-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі - портал) - Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналасқан, тұрғынжайды жекешелендіру туралы шарттар бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;»; 10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) жалдаушылардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда жекелеген тұрғынжайды жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;»; 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «13. Тұрғынжайды жекешелендіру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша тұрғын үйді жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді. 14. Өтініш беруші жекешелендіру тәртібімен тұрғынжайларды меншікке сатып алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) не «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы тұрғын үй комиссиясының қарауына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелері қол қойған өзі тұратын тұрғынжайды жекешелендіруге өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (сәйкестендіру үшін); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|