«Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 32 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 756 бұйрығына(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12821 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 18 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұйрықпен бекітілген Исламдық қаржыландыру жөніндегі субсидиялау шартының нысанында: 20-тармақмынадай редакцияда жазылсын: «20. Алушы қаржыландыру бойынша төлемді уақтылы өтемеген жағдайда, оның ішінде банк (лизингтік компания) кірісінің субсидияланбайтын бөлігін уақтылы өтемеген жағдайда немесе Алушы 3 (үш) ай қатарынан (исламдық лизинг шарты бойынша) қатарынан 2 (екі) және одан көп рет) банктің (лизингтік компанияның) алдында төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, Алушы берешекті өтегенге дейін банк (лизингтік компания) өз кірісінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін бұл туралы хабардар етеді. Осы тармақта көзделген жағдайлар басталған күннен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк (лизингтік компания) қаржы агенттігіне 100 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді.»; 30-тармақмынадай редакцияда жазылсын: «30. Алушы: 1) қаржы агенттігінен сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бөлігінде банкке (лизингтік компанияға) субсидиялар төлеуді талап етуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|