«Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: ««Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар): 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі - ЖЭК) пайдаланылуына мониторингті: 1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудiң жалпы көлемiнде ЖЭК пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру және босату үлесiн есепке алу; 2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің «Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14489 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады (бұдан әрі - № 478 бұйрық).»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|