«Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2018 жылғы 11 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 10831 тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген авариялық-құтқару қызметтерін, құралымдарын және құтқарушыларды аттестаттау және қайта аттестаттау қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді аттестаттау және қайта аттестаттау қағидаларында: 4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтері (бұдан әрі - МеӨҚҚ) аттестаттауға және қайта аттестаттауға жатады. МеӨҚҚ аттестаттау және қайта аттестаттау жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар ұсынылады: 1) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша МеӨҚҚ аттестаттау (қайта аттестаттау) туралы өтініш; 2) ұйым жарғысының көшірмесін (болған кезде); 3) көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің көшірмелерін (шығу өрт сөндіру техникасымен МеӨҚҚ үшін); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|