Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 158 қаулысымен бекітілген
Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 73 Қаулысымен күші жойылды
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.01.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018.25.01. № 17 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын аудандардың және Тараз қаласының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. Жамбыл облысы әкімдігінің 2019.01.03. № 33 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: есту аппараттарын таңдау мен теңшеуді қоса алғанда, мүгедектерге сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдар ұсыну мерзімдері көрсетілген құжаттарды ресімдеу, соңдай-ақ сервистік қызмет көрсету туралы хабарлама. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|