«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - холдинг) құрылсын. 2. Холдинг қызметінің негізгі нысанасы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын орнықты дамыту және жетілдіру, биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамытуды ынталандыру, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның биофармацевтикалық өнімге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестері холдингтің иелік етуі мен пайдалануына берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып айқындалсын. 3. Холдингтің жарғылық капиталы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін беру есебінен қалыптастырылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) холдингтің жарғысын бекітуді; 2) мемлекеттік тіркеу үшін холдинг атынан құжаттарға қол қоюға, холдинг органдары құрылғанға дейін қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген адамды сайлауды; 3) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында холдингті мемлекеттік тіркеуді; 4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне холдинг акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарының берілуін; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|