|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
28.09.2022 Нужно ли указывать ИИН покупателя в чеке контрольно-кассовой машины?
В социальных сетях граждане жалуются на то, что в некоторых торговых точках при совершении покупки продавцы требуют представить ИИН у покупателя. В Комитете государственных доходов МФ РК разъяснили, в каких случаях ИИН покупателя указывается в чеке контрольно-кассовой машины.
В 2022 году в порядок применения контрольно-кассовых машин с функцией фиксации и (или) передачи данных (ККМ) внесены изменения и дополнения (в статью 166 Налогового Кодекса). В соответствии с подпунктом 2) пункта 5 статьи 166 Налогового кодекса при применении ККМ осуществляется выдача чека ККМ или товарного чека на сумму, уплаченную за товар, работу, услугу. Согласно пункту 6 статьи 166 Налогового кодекса установлен перечень информации, который должен содержать чек ККМ. В свою очередь, в соответствии с пунктом 7 статьи 166 Налогового кодекса чек онлайн-ККМ также по требованию покупателя (клиента), получателя товаров, работ, услуг должен содержать идентификационный номер (ИИН) покупателя (клиента), получателя. Таким образом, при продаже товара (выполнении работы, оказании услуги) продавец обязан выдать чек ККМ и только по требованию покупателя (клиента) отразить в чеке ККМ ИИН покупателя (клиента), получателя.
Бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і көрсетілуі керек пе?
Әлеуметтік желілерде азаматтар кейбір дүкендерде сатушылар сауда жасағаннан кейін сатып алушылардан ЖСН-ді беруді талап ететінін айтып, шағымдануда. Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының ЖСН-і қай кезде көрсетілуі керектігін түсіндірді.
2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолдану тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Салық кодексінің 166-бабына). Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БКМ қолдану кезінде тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке төленген сомаға БКМ чегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады. Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес БКМ чегінде көрсетілуі тиіс ақпарат тізбесі белгіленген. Өз кезегінде, Салық кодексінің 166-бабы 7-тармағына сәйкес онлайн-БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілуі тиіс. Осылайша, тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде сатушы БКМ чегін беруге және тек қана сатып алушының (клиенттің) талабы бойынша БКМ чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының ЖСН нөмірін көрсетуге міндетті.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |