Осы редакция 2017 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 бұйрығына 2-қосымша
«Фармацевтикалық қызметке лицензия беру»
1. «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал); 2) www.e.gov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәтінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні. Көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәтінен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау факті анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап береді. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|