«Проактивті қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Проактивті қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 155/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Проактивті қызмет көрсету қағидаларында: 1, 2 және 3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы проактивті қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13-1-тармағына сәйкес әзірленді және проактивті қызметтер көрсету тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) проактивті қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет; 2) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|