|
|
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы туралы
Осы редакция 2023 жылғы 17 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын моральдық көтермелеу шарасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алғысы болып табылады деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғысын (бұдан әрі - Алғыс) жариялау үшін мыналар: 1) Қазақстан халқының игілігі жолындағы көп жылғы және тиімді қызметі; 2) қызметтік міндеттерді үлгілі орындауы, мүлтіксіз мемлекеттік қызметі және жұмыстағы басқа да жетістіктері; 3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырған айрықша маңызды және күрделі тапсырмаларын орындауы; 4) Қазақстанмен достық қатынастарды дамытудағы зор үлесі; 5) Қазақстанның экономикалық дамуына жәрдемдесуі негіз болып табылады. 3. Алғыстың ресми мәтіні: 1) мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалады; 2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қол қояды; 3) оны Премьер-Министр немесе ол уәкілеттік берген басқа да лауазымды адамдар тапсырады. 4. Алғыс: 1) азаматтың еңбек кітапшасына, мемлекеттік қызметшінің жеке ісіне (қызметтік тізіміне), әскери қызметшінің жеке басын куәландыратын құжатына енгізіледі; 2) Премьер-Министр Кеңсесінің Кадр жұмысы бөлімінде тіркеледі. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |