ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.12.04. № 236 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 673 бұйрығына 1-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
«Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау»
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.06.03. № 114 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы www.elіcense.kz, (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы (бұдан әрі - анықтаманың телнұсқасы) немесе осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген) «Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан әрі - бас тарту) туралы дәлелді жауап.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|