|
|
|
Источник: Комитета государственных доходов МФ РК (www.kgd.gov.kz/ru)
08.12.2021 Всеобщее декларирование: какую декларацию в 2022 году нужно представлять госслужащим и приравненным к ним лицам
С 2022 года казахстанские госслужащие, приравненные к ним лица и их супруги будут ежегодно представлять декларацию о доходах и имуществе по форме 270.00. Ранее, в 2021 году данные лица в рамках первого этапа всеобщего декларирования представили декларацию об активах и обязательствах. Об этом сообщили в Комитете государственных доходов Минфина РК. Форма декларации о доходах и имуществе физического лица и правила ее составления утверждены приказом Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2021 года № 927. Декларация о доходах и имуществе предназначена для отражения физическими лицами информации о доходах, полученных за календарный год, в том числе за пределами Республики Казахстан, а также приобретении или отчуждении имущества, подлежащего государственной или иной регистрации, в том числе за пределами Республики Казахстан. Кроме того, в Декларации физическим лицам необходимо отражать сведения об источниках покрытия расходов на приобретение в течение отчетного налогового периода: - недвижимого имущества (квартиры, дома, земельные участки и др.); - механических транспортных средств и прицепов к ним (автомобили, прицепы и др); - доли участия в уставном капитале юридического лица; - ценных бумаг (акции, облигации, вексели и др.); - инвестиционного золота; - производных финансовых инструментов; - доли участия в жилищном строительстве. Декларация представляется физическим лицом по месту жительства (пребывания). Для декларантов первого этапа всеобщего декларирования, представивших декларацию об активах и обязательствах (форма 250.00), срок представления декларации о доходах и имуществе: - на бумажном носителе – не позднее 15 июля 2022 года; - в электронном виде – не позднее 15 сентября 2022 года.
Жаппай декларациялау: 2022 жылы мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілгендер қандай декларацияны тапсырады
2022 жылдан бастап қазақстандық мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер мен олардың жұбайлары (зайыбы) кірістері мен мүлкі туралы 270.00 нысанды декларацияны ұсынады. Осыған дейін, жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі аясында аталған тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырған болатын. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны мен оны толтыру қағидалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылдың 13 қыркүйегіндегі № 927 бұйрығымен бекітілді. Кірістері мен мүлкі туралы декларацияда жеке тұлғалар күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістері туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлерде алған кірістері де бар), сондай-ақ мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікті сатып алғаны немесе иеліктен шығарғаны туралы (оның ішінде елімізден тыс жерлердегі мүлік те бар) ақпаратты көрсетуі тиіс. Бұдан басқа, декларацияда жеке тұлғалар есепті салық кезеңі ішінде: - жылжымайтын мүлікті (пәтер, үй, жер учаскесі және т.б.); - механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін (автокөлік, тіркеме және т.б.); - заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін; - бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер және т.б.); - инвестициялық алтынды; - туынды қаржы құралдарын; - тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алуға жұмсаған шығындарын растап, мәліметтерді көрсетуі қажет. Декларация жеке тұлғаның тұрғылықты (тұратын) жері бойынша ұсынылады. Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00-нысаны) табыс еткен азаматтар үшін кірістері мен мүлкі туралы декларацияны табыс ету мерзімі: - қағаз түрінде 2022 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей; - электронды түрде 2022 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |