Осы редакция 2018 жылғы 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 329 бұйрығына 1-қосымша
«Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымына байланысты қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижені беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Қызмет беруші ұсынылған құжаттардың толық емес фактісін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады. 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|