Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы
ҚР 2015 жылғы 12 қарашадағы № 396-V Заңымен ратификацияланды 2016 жылғы 10 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Мажарстан егемендік пен теңдікті өзара құрметтеу негізінде қылмыстылыққа қарсы күрес саласында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді іс-қимылға ықпал етуге ниет білдіре отырып, осы мақсатқа қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету тәртібін белгілейтін халықаралық екіжақты шарт жасасу арқылы қол жеткізуге болатынын назарға ала отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Шарттың ережелеріне сәйкес сұрау салулар бойынша Тараптар жазасы көмек туралы сұрау салу келіп түскен кезде Сұрау салушы Тараптың құзыретті әділет органдарының юрисдикциясына жататын қылмыстарға қатысты қылмыстық іс жүргізулер бойынша бір-біріне өзара құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді. а) адамдардың немесе заттардың орналасқан жерін анықтауды және оларды сәйкестендіруді; b) қылмыстық іс жүргізуге қатысы бар құжаттар мен материалдарды табыс етуді; с) Сұрау салушы Тараптың құзыретті әділет органының алдына өз еркімен келуі үшін куәларды, жәбірленушілерді, күдіктілерді, айыпталушыларды және сарапшыларды шақыруды; d) құжаттарды, материалдар мен дәлелдемелерді алуды және беруді; е) жауап алу жүргізуді және айғақтар алуды; f) күзетпен ұсталатын адамдардың айғақтарын алу немесе басқа да процестік әрекеттерге қатысуы үшін оларды уақытша беруді; g) сот сараптамаларын жүргізуді, құжаттарды немесе заттарды қарап-тексеруді; h) тінтуді жүзеге асыруды, дәлелдемелерді алып қоюды және активтерді тәркілеуді; і) ұлттық заңнама бойынша ақпарат алмасуды; j) осы баптың 3-тармағына нұқсан келтірмей, Сұрау салынатын Тараптың ұлттық заңнамасына қайшы келмейтін кез келген басқа да құқықтық көмекті қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|