Осы редакция 2017 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауын ішінара қамтамасыз ету түрінде кепілдіктер берудің шарттары мен тетігін айқындайды. 2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады. 3. Кепілдік беру жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредит ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады. ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агентіне өзара жасалған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2016.23.06. № 370 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|