|
«Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Селекциялық жетiстiктердің, өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнің, тауар таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларын тіркеу өтінімдеріне сараптама жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 1349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17459 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Өтінімді алдын ала сараптау өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Алдын ала сараптама барысында өтінімнің мазмұны, сараптама жүргізу үшін қажетті материалдардың болуы, басымдық күні, ТКҚХС-ның қолданыстағы редакциясына сәйкес тауарлар мен қызметтердің тізбесі тексеріледі. Сараптама ұйымы алдын-ала сараптама жүргізу мүмкін болмайтын қосымша немесе нақтылайтын мәліметтерді мынадай жағдайларда сұратады: 1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар жинағын толық ұсынбаса; 2) өтініште қажетті мәліметтер, деректемелер, қолдары болмаса, сондай-ақ өтініште келтірілген мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|