|
|
|
«Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1.«Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен қадағалау қағидаларында: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және аяқ киім тауарларын таңбалау мен оларды Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі қадағалау тәртібін айқындайды.»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |