Осы редакция 2018 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016.21.01. № 23 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2017.04.07. № 438 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.11.01. № 13 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығына 2-қосымша
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (2018.11.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес объектілерді жобалауға арналған өтінішті қарау мерзімі: сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды (бұдан әрі - ТШ) беруге - 6 (алты) жұмыс күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|