|
|
|
26.07.2024 Сот ісін жүргізудегі медиация: шет ел тәжірибесі
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, медиация екі тарап жанжалды шешкісі келген кезде ғана тиімді болады. Дауды белгілі бір жағдайларда тоқтату туралы шешімді тараптардың өздері қабылдайды. Медиаторға мұндай өкілеттік берілмеген. Оның басты міндеті- тараптар арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ету, оларды консенсусқа келтіру. Шетелде медиацияны екі негізгі тәсілмен ажыратуға болады: - судья тараптарға медиатордың қызметіне жүгінуді ұсынады (мысалы, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ-тың әртүрлі штаттарында); - медиация рәсімін өткізгенге дейін дауды сотта қарау мүмкін болмаған кезде міндетті медиация (мысалы, Аргентина). Жекелеген мемлекеттердің тәжірибесіне толығырақ тоқталайық. Германия. Мұнда медиация сот төрелігі жүйесіне үйлесімді түрде енгізілген. Мысалы, делдалдар тікелей соттарда жұмыс істейді, бұл ықтимал сот процестерінің санын айтарлықтай азайтады. Неміс заң мектептерінің көпшілігінде медиацияның тұрақты курсы енгізілді. Әлемнің 10-нан астам елінің медиаторларын біріктіретін халықаралық интеграцияланған Медиация қауымдастығы құрылды және жұмыс істейді. Австрия. «Медиатор» мамандығы кәсіптер номенклатурасына енгізілген санаулы елдердің бірі. Австрия заңнамасында қолда бар сот ісін жүргізуге байланысты жүргізілетін медиацияның нәтижелері бойынша келісімді сот тануы мүмкін, ал сотқа дейінгі медиацияның нәтижесін сот қорғай алмайды деп көзделеді. Қытай. Даулардың шамамен 30% - ы соттан тыс тәртіппен шешіледі. Бұл елде егер тараптар медиация шеңберінде Келісімге қол жеткізсе және оны аралық соттардың (төреліктің) қарауы үшін көзделген тәртіппен бекітсе, мұндай келісім аралық шешімнің (төреліктің) күшіне ие болады және тиісті тәртіппен орындалуға жатады.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы Г.Е. Диярова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |