Данная редакция действовала до внесения изменений от 6 ноября 2024 года
Приказ дополнен приложениями 219 - 223 в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 27.07.17 г. № 352 Приложение 1 к приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 27 июля 2017 года № 352
к приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 3 апреля 2013 года № 115
Типовая учебная программа по учебному предмету
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 2. Оқу бағдарламасы естімейтін білім алушылардың есту топтарына, жас ерекшеліктеріне қарай танымдық және жеке қалдық есту мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. 3. Оқу бағдарламасы оқыту процесін естімейтін білім алушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік тәсілдерін қолдануға, оқу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы жеке мүмкіндіктерін дамытуға, әлеуметтік ортаға бейімделуі үшін қажетті біліктерді меңгеруге бағыттайды. 4. Естімейтін білім алушыларды оқытудағы әдіс-тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағыттары болып табылады. 5. Коммуникативтік тәсілдер естімейтін білім алушыларға білім берудің негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесін арттыру үшін қолданылады. 6. Заманауи талабына сай естімейтін білім алушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Арнайы білім беру саласында әлеуметтік және коммуникативтік дағдылар әр білім алушының жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, өз бетінше шешім қабылдауына ықпал етеді. Естімейтін білім алушының белсенді танымдық және есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалімнің көмегімен бірлесе іс-әрекет жасауымен іске асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|