Осы редакция 2016 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 168 қаулысымен бекітілді
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысымен және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - қағаз түрінде. 3. Грантты беру туралы шарт мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 «Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес өтінімнің болуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіздеме болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір үдерістердің (іс-әрекеттердің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы: 1) көрсетілетін қызметті алушы немесе оның өкілі (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|