ҚР Қаржы министрінің 2016.18.02. № 72 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.24.01. № 58 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығымен күші жойылды
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (2018.24.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Нормативтік құқықтық актілері тізілімінде № 11362 болып тіркелген «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету www.egov.kz «электрондық үкімет», www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру (бұдан әрі - Куәлік), куәлікті қайта ресімдеу Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|